Мектеп жасына дейінгі балаларды
оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге асырылады.Балалардың ақыл-ойы мен
мінез -құлығының дамуында тіл маңызды
рөл атқарады. Біздің мақсатымыз-балаларды
ата-бабадан қалған сат –дәстүрге, адамгершілікке баули отырып, мектепке
дейінгі балалардың тілін дамыту.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны-сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл
бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын
еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа
түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Баланың тілін дамыту жұмысы отбасы мен балабақшадан басталады. Балабақшада
тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады.Сөздің байланысты
айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамыуымен біртұтас жүреді.Балаларды
тәрбиелеуде көркем әдебиеттің рөлі ұшан –теңіз. Ол баланың сана- сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке
тәрбиелейді.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді
өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың
алдындағы міндеті.Ертегі, әңгімені, өлең-тақпақтар мен жаңылтпаштарды,
сондай-ақ мақал –мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп
айту-тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар,
сәбидің ақыл-ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып
өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей
білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз.Өйткені, бала
кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп,еркелікке, еңбекке
құлшынып өседі. Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби
мұрасы, Ыбырай Алтынсарин, Абай
Құнанбаевтың өлең-әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын
танытып, өнер-білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың,
Сәкенннің, Жансүгіровтың, Майлинннің, Мұқановтың сондай-ақ көптеген жас
жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар.Мұның
бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткізсіз қазына.Әрбір тәрбиеші
соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер
таппақ. Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген-білгенін
қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата-аналарына айтып бере алса,
тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті,
еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді. Мектепке дейінгі шақта бала тілі
икемді келеді, сондықтан-да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр
алуан.Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын
айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді.Балабақшада
жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісіне дыбысқа байланысты жаттығу түрлері
кешенді түрде іске асырылады.
Дыбыстардың ерекшеліктерін жете
меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту көркем
әдебиет, тіл дамыту, оқу іс-әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу
іс-әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі.
Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған
шығарма мазмұнын толық қабылдауәңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу,
ертегілер оқып беру, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары
арқылы бала тілін дамытуға болады.Тобымдағы балаларға ертегілерді ең алдымен
ауызша айтып беремін.Сонан соң айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және
тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рөлдерге бөліп ойнатамын.Мысалы:«Бауырсақ »,«Шалқан »,
«Мақта қызбен мысық», «Алдар көсе мен тоңғақ бай »ертегілері.Күнделікті оқу іс-әрекетімде жұмбақ жасырып,
мақал-мәтелдермен жаңылтпаштарды көп қолданамын.Өйткені жаңылтпаштар сөздерді
дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
Мысалы:Көк кесе,
көп кесе,
Көп кесені әкелді кеше.
Дыбыстарды дұрыс айта алмайтын
балаларға ойын-жаттығулар, тақпақтарды айтқызып үйретемін. Мысалы: А.
Райымқұлованың «Ауыл маңында»өлеңі:
Ауыл маңы саз, саз-саз
Жайылады қаз, қаз-қаз
Тоймай қалса қаз, қаз-қаз
Шашқан дәнің аз, аз-аз
Балаларды
сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын
болсақ:
1.Сахна
ойындары.Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше
рет қолданылады.Әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату.
2.Бағдарлама
бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану.
Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанынсұрап, жауабын алу арқылы тіл
дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.
3.Сөздің
дыбыстықжағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып
беруге болады.
4.Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын
тыңдату.
5.Дидактикалық жаттығулар жасау.«Ғажайып қалта »«Не өзгерді? »үстел
үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап
алу.
Қорыта айтқанда балалардың ана
тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер
тәрбиенің ықпалы зор.Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру,
яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді
ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға
қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа
сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін.Жоғарыда айтылған
мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық
қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне,
өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт-бағдар бере отырып, тіл байлығын,
сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз
баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу тәрбиешінің
алға қойған мақсаты.Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге
міндеттіміз.